Виртуалды Басқару серверін жою

Виртуалды Басқару сервері жойылған кезде, Басқару серверінде жасалған барлық нысандар, соның ішінде саясаттар мен тапсырмалар да жойылады. Виртуалды Басқару сервері басқарған басқару топтарынан басқарылатын құрылғылар басқару топтарынан жойылады. Құрылғыларды Kaspersky Security Center басқаруына қайтару үшін желі сауалнамасын орындаңыз, содан кейін табылған құрылғыларды Тағайындалмаған құрылғылар тобынан басқару топтарына жылжытыңыз.

Виртуалды Басқару серверін жою үшін:

  1. Басты мәзірде Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.
  2. Ашылған бетте Басқару серверлері қойыншасына өтіңіз.
  3. Жойғыңыз келетін виртуалды Басқару серверін таңдаңыз.
  4. Мәзірде Жою түймесін басыңыз.

Виртуалды Басқару сервері жойылды.

Сондай-ақ, қараңыз:

Виртуалды Басқару серверін қосу және өшіру

Басына оралу